Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Саперлер ШҚО-да тұрғын үйдің ауласында табылған жауынгерлік гранатаны залалсыздандырды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласындағы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 27943 әскери бөлімінің бөлім бойынша кезекшісіне дабыл келіп түсті.

Саперлер ШҚО-да тұрғын үйдің ауласында табылған жауынгерлік гранатаны залалсыздандырды (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облысы Тоғанас ауылының тұрғыны өзінің үйінің ауласында граната тауып алған. Оқиға орнына инженерлік қызмет бастығы майор Әділбек Мұқановтың басшылық етуімен 27943 әскери бөлімі инженерлік-саперлік бөлімшесі минасыздандыру тобының 6 әскери қызметшісі жол тартты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

ҰҚК мен Төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері әскерилер келгенше ауданды бағалап, таяу маңда орналасқан үйлердің тұрғындарын көшірді.

Әскери қызметшілер граната жауынгерлік болып табылатынын анықтады. Жаппай қырып жою және талқандау күшінің радиусы екі жүз метрге жетеді және ол тасымаладуға жатпайды. Себебі, гранатаны тат басқан, зақымдалған және соққы беру тетігі кез келген сәтте іске қосылуы ықтимал, бұл жарылысқа әкеп соқтыруы мүмкін. Сапер мамандар гранатаны жан-жақтан құмға толтырылған қаптармен қаптап, оны сол жерде залалсыздандыруға шешім қабылдады. Соның нәтижесінде әскери қызметшілер жоюшы жарықшақтардың шашырауын болдырмады. Содан кейін ол қашықтықтан қопару жолымен зиянсыздандырылды.