Сарагосада тұңғыш Рим императорының басы табылды

АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат - Испаниялық археологтар Сарагоса провинциясынан Рим императоры Октавиан Августың мәрмәрдан жасалған басын тапты,

Сарагосада тұңғыш Рим императорының басы табылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Олжаға археологтар Калатаюд қаласының маңына қазба жұмыстарын жүргізу кезінде кезікті. Бұл жерде бір замандарда ежелгіримдік Бильбилида қаласы орналасқан.

Мүсін Тиберия императоры билік құрған кезеңде - б.з.д. 15-інші және 30-ыншы жылдар аралығында жасалған деп шамаланып отыр. Мүсінде Октавиан Августің абыздардың шалмасы жабылған басы бейнеленген.

Бұл Октавиан Августің Испания аумағынан табылған төртінші мүсіндік бейнесі.