Саранда жоғалған әйел шетелден іздестіріледі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Саран қаласында жоғалған 43 жастағы әйел Ресеймен мемлекеттік шекарадан өтті, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

«Саранның 43 жастағы әйелдің із-түссіз жоғалуы фактісімен сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп, оның жүрген жері анықталу үстінде. Жедел-іздеу шараларын өткізу кезінде 7 қазан күні әйел Ресей Федерациясымен шекарадан өткені анықталған. Кеден бекеті қызметкерлерінің айтуынша, ол жалғыз болған», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, жоғалған әйел таныстарынан баспана алу үшін ірі сомадағы ақша қарызға алғаны белгілі болды. «Сондай-ақ әйелдің бұған дейін де үлкен қарызына байланысты үйінен кеткені белгілі болды. Әйел 2015 жылдың тамызында бірінші рет жоғалған соң туыстары ішкі істер органдарына оны іздеу өтінішімен келген. Алайда әйел көп ұзамай үйіне оралып, Беларусьтегі құрбысына барып келгенін айтқан», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде іздеу жұмыстары жалғастырылуда, соның ішінде халықаралық деңгейде де өткізіліп жатыр.

Полицияға әйелдің із-түссіз жоғалғаны туралы өтінішпен оның ағасы келген. 7 қазанда Саран маңындағы бөгеттің қасында жоғалған әйелдің сенімхатпен жүргізген «Тойота Авенсис» маркалы көлік анықталды.

Соңғы жаңалықтар