Сарапшылар SSJ-100 лайнерінің тіркеуіш құралын тыңдауға кірісті

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Сарапшылар Индонезия тауларында апатқа ұшыраған Sukhoi SuperJet-100 ресейлік әуе кемесінің әңгімені өздігімен жазатын аппаратының жазбаларын тыңдауға кірісті, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Сарапшылар SSJ-100 лайнерінің тіркеуіш құралын тыңдауға кірісті

Айтарлықтай зақымдалғанына қарамастан, «қара жәшік» аудиожазбаны сақтап қалды, деп баяндады Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Юрий Слюсарь.

«Қазір табылған «қара жәшіктің» жазбасын тыңдаудамыз. Ол қатты зақымдалған, бірақ жадының модулі бүтін», - деді Слюсарь.

Жазбаны ресейлік және индонезиялық мамандар оқитын болады. Индонезиялывқ сарапшы Сисво Суварноның айтуынша, жұмыстарды аяқтау аптаның соңына қарай жоспарлануда.