Саратов облысының азаматы Оралда қолға түсті

ОРАЛ. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Участок» жедел алдын алу шарасын жүргізу барысында Орал қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері Саратов облысының 42 жасар азаматын қолға түсірді.

Саратов облысының азаматы Оралда қолға түсті

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол РФ ҚК 158-бабы 2-бөліміне (ұрлық) сәйкес Алгай аудандық ішкі істер бөлімімен іздестірілуде жүрген. Ресейлік азамат ішкі істер басқармасының қабылдау-тарату бөліміне жатқызылды.