Сарбаздың өмірі мен денсаулығын сақтауға барлық деңгейдегі қолбасшылық жауапты — Президент

Қазақстан Республикасының Президенті — Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Сарбаздың өмірі мен денсаулығын сақтауға барлық деңгейдегі қолбасшылық жауапты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қарулы Күштер жоғары қолбасшылығының алдында тұрған басым міндеттерді атады.

Ведомство жетекшілігіне басқару және әскери органдар құрылымын жетілдіру, әскери қызмет институтының резервін қалыптастыру, Арнайы операциялар мен аумақтық қорғаныс күштерін дамыту шараларын жүзеге асыру жүктелді. Сондай-ақ Қарулы Күштерді цифрландыру және оның жұмысында жасанды интеллектіні пайдалану тапсырылды.

Жиын барысында әскери борышты өтеуге жайлы жағдай жасаумен қатар әскери қызметшілердің кәсіби құзіретін жетілдіруге, оларға қойылатын талаптарды арттыруға мән беру қажет екені айтылды.

Президент сарбаздың өмірі мен денсаулығын сақтауға барлық деңгейдегі қолбасшылықтың жауапты екенін айтты.

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы «Қазақстан – Болгария» бизнес-форумына қатысты.

Соңғы жаңалықтар