Сәрсенбі күні еліміздің батысы мен солтүстігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Республиканың қалған аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болып күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. Қостанай, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейіп, көктайғақ, тұман күтіледі. Алматы облысында түнде және таңертең тұман күтіліп, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде кей жерлерінде тұман түседі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, түнде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ бақыланады. Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.