08:00, 10 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Сәрсенбі күні Қазақстанда күн ашық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды, тек республиканың шығысында кей жерлерде қар жауады, деп хабарлады Қазгидромет.
Кей жерлерде жел күшейіп, тұман болады деп күтілуде. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман. Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумағында тұман, төменнен дауыл соғып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, күндіз Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстарында кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Батыс Қазақстан облысында тұман болуы ықтимал. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, боран соғуы мүмкін.