Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Сәрсенбіде ел аумағында көктайғақ, тұман күтіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашынды, құбылмалы ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстік бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Сәрсенбіде ел аумағында көктайғақ, тұман күтіледі

Алматы облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 17-22 м/с күтіледі, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 28 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау  облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтөбе, Жамбыл, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел  15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз тұман, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең - тұман болады.