Сәрсенбіде Қазақстанда қар жауып, бұрқасын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерде қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.

Сәрсенбіде Қазақстанда  қар жауып, бұрқасын болады

Қазгидрометтің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарында кей жерлерінде тұман күтіледі, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысында тұман, бұрқасын күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде - жаяу бұрқасын.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде - тұман.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.