Сары теңізде Оңтүстік Корея Әскери-Теңіз күштерінің жауынгерлік кемесі батып кетті

АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Жұма күні Сары теңізде Корея Халық Демократиялық Республикасымен арадағы шекараға жақын маңда Оңтүстік Корея Әскери-Теңіз күштерінің жауынгерлік кемесі суға батып кетті.

Сары теңізде  Оңтүстік Корея  Әскери-Теңіз күштерінің жауынгерлік кемесі батып  кетті

Осынау төтенше оқиғаға байланысты ел президенті елдің қауіпіздігін қамтамасыз етуге жауапты күш-қуат министрлерінің жедел кеңесін өткізді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Бортында 104 экипаж мүшесі болған су сыйымдылығы 1500 тоннаны құрайтын (басқа мәліметтер бойынш 1200 тонна да болуы ықтимал) «Чхонан» жауынгерлік кемесі жергілікті уақыт бойынша сағат 21.45-те (мәскеу уақыты бойынша 15.45-те) Пэннёндо аралының төңірегінде суға батып кеткен. Соңғы мәліметтер бойынша, экипаж мүшелерінің 58-і ғана құтқарылды.

Жергілікті уақыт сағат 23.00-терде 10 минуттай уақытқа созылған «артиллериялық атыс» туралы жергілікті тұрғындардың хабарларына байланысты, Сеул Солтүстік Корея тарапынан кемеге шабуыл жасалу ықтималдығын жоққа шығармайды. Бастапқыда оңтүстіккорейлік әскерилер, кеменің Солтүстік жаққа белгісіз кемеге қарай оқ атқанын хабарлаған. Бірақ, Корея Республикасы Қарулы Күштерінің Штаб басшылары комитетінен хабарлағандай, радарда көрінген ол белгісіз нысан құстар болып шыққан, деп пайымдалуда.

«Оқиғаның нақты себебін біз әзірге айта алмаймыз», - деп хабарлайды Әскери-Теңіз күштерінің өкілі. Бірақ, бірқатар реси тұлғалардың пікірінше, кеменің түбіндегі үлкен жарыққа, себебін әзірге ешкім түсіндіре алмай отырған жарылыс себеп болуы мүмкін.

Күш-қуат құрылымдары министрлерінің кеңесінде ел президенті Ли Мён Бак барлық күш-жігерді экипаж мүшелерін құтқаруға жұмылдыру туралы нұсқау берді. Мемлекет басшысының аппаратынан хабарлағандай, бұл оқиғаға Солтүстік Кореяның тікелей қатысы бар-жоқтығы әзірге беймәлім.