Сарыарқа ауданының әкімі қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады

аналарды, қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Астана қалалық ресми сайты хабарлады.
Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында өткізіліп отырған іс-шараға ауданның білім және денсаулық сақтау мекемелерінің, ПИК, қоғамдық бірлестіктерінің, құрылыс және мердігер ұйымдарының өкілдері, кәсіпкерлер, «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері, әлеуметтік қызметкерлер қатысты.
Жиналғандар назарына М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері мен «НАЗ» мемлекеттік би театры және Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік филармониясы әзірлеген концерттік бағдарлама ұсынылды.
«Мерекелік кеште аудан әкімі құшақтары гүлге толған әйелдер қауымына зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларына амандық, құт-береке тіледі», - делінген хабарламада.