Сарыарқа - салқын, батыс - желді, оңтүстік - жауын-шашынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық территориясы бүгін антициклонның ықпалында болады: жауын-шашынсыз. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болып, кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді.
None
None

Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін барады. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей өңірлерінде нөсер жауып, желдің жылдамдығы 15-20 метрге жетеді. Ал, Ақмола облысының кей жерлерін тұман басады.

Түнде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында шық түсіп, салқын ауа сақталады.

Соңғы жаңалықтар