11:38, 02 Қаңтар 2009 | GMT +5
Сарыөмір ауылына су келді
ОРАЛ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Сарыөмір ауылына таза су келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауылға су құбырын жүргізуге 177274,16 мың теңге жұмсалды. Жобаға сәйкес электр қуаты, 12,9 шақырым су құбыры, 9 шақырым ауылішілік желі тартылып, су қоймасы, сорғылы стансы, әрқайсысы 150 текшеметрлік екі резервуар салынды. Құрылысты «Су арнасыҚұрылысСервис» ЖШС жүргізді.
Қазіргі кезде ауыз сумен Сарыөмір ауылына жер сілкінісіне байланысты Рыбцехтан көшіп келгендер де қамтылып отыр.