16:25, 17 Ақпан 2009 | GMT +5
Сарыөзекте спорт кешені ашылды
АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат – Сарыөзек гарнизонында спорт кешені салтанатты жағдайда ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Спорт кешенінің жалпы аумағы 1182 шаршы метр. Мұнда жабық әмбебап спорт алаңы, тренажер залы, спорт құралдары шеберханасы, медицина қызметкерінің бөлмесі және басқа да қажетті орындар бар. Мұнда әскери қызметшілермен бірге олардың отбасы мүшелері де спорт түрлерімен айналысады.