Сәтбаев әкімдігінде жанжал шығарғандар тұтқындалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Сәтбаев қалалық соты Сәтбаев әкімдігі ғимаратында жанжал ұйымдастырған екі адамды тұтқындауға қатысты шешім шығарды, олар жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау кезінде рұқсатсыз видеоға түсірген. Салдарынан әкімдік қызметкері түсік тастау қаупімен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Сот қаулысымен Асқар Қошанов пен Берік Жағыпаров «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылды, оларға бес тәулікке әкімшілік тұтқындау түрінде жаза тағайындалды», - деп хабарлады Сәтбаев сотының баспасөз қызметінде.

Жазаланғандардың шешімге шағымдануы үшін он тәулік бар. Олар қаулы жарияланғаннан кейін бірден тұтқындалды.

Еске салсақ, әкімдік қызметкерлері мен үш келуші (Жағыпаров, Қошанов, Цуканов) арасында жанжал 11 шілдеде Сәтбаев әкімдігі ғимаратында әкім орынбасары азаматтарды жеке қабылдау уақытында  орын алған.

Қарағанды облысы әкімі баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес оқиғаға себеп болған әкімдік қызметкерлерінің видеоға түсіруді тоқтату, жеке қабылдау кезінде тәртіпті сақтау талабы болған. Алайда келушілер талапқа құлақ аспай, жанжалң шығарған. Салдарынан әкімдікте жұмыс істейтін жүкті әйел түсік тастау қаупімен ауруханаға жеткізілді.

null 

Соңғы жаңалықтар