Сәтбаев қаласында 2 кеніште оқыс оқиға орын алып, бір жұмысшы қаза тапты
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Сәтбаев қаласында 2 кеніште оқыс оқиға орын алып, бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің Шығыс Жезқазған кенішінде бұрғылау жұмыстары барысында тау жынысы құлап, 37 жастағы жұмысшыны басып қалды. Сондай-ақ аталған корпорацияның Анненский кенішінде де тау жынысы құлап кетіп, дене жарақатын алған 21 жастағы электромеханик ауруханаға жеткізілді.