Сәтбаев қаласында әйел өгей әкесінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберді
ҚАРАҒАНДЫ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында 26 жасар әйел 67 жастағы өгей әкесімен бірге арақ ішіп,
араларында туындаған даудың барысында оның үстіне бензин құйып, өртеп жіберді.
Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады. Полицияның ақпаратынша, оқиға өткен жексенбі күні болды.
«Зардап шеккен зейнеткер беттің, іш және кеуде қуысының, екі қолы мен санының күйік жарақаттарымен жансақтау бөліміне жатқызылды», - делінген облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Өгей қыз ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.