Сәтбаев қаласының полициясы баланы қағып кетіп, ізін суытқан жүргізушіні іздестіруде

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Сәтбаев қаласында полиция баланы қағып кетіп, ізін суытқан жүргізушіні іздестіруде, деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

Жол-көлік апаты 26 шілде күні «Жезқазған-Сәтбаев» күре жолында «Меридиан» саяжай қоғамында орын алды. Белгісіз көлік 9 жастағы баланы қағып кетті, Ол басынан алған жарақаттармен Жезқазған қаласындағы аурухананың нейрохирургиялық бөлімшесіне жеткізілді.

Қазіргі уақытта көлік пен жүргізушінің жеке тұлғасын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар