Сәтбаевта дүниеге үшем келген отбасына пәтер берілді

ҚАРАҒАНДЫ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында дүниеге үшем келген Құлтасовтар отбасына төрт бөлмелі пәтер сыйға берілді. Бұл туралы Қазақмыс тобының корпоративтік байланыстар департаментінен хабарлады.

Сәтбаевта дүниеге үшем келген отбасына пәтер берілді

«Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі № 25 учаскенің 28 жастағы бастығы Асхат Құлтасовтың көпбалалы отбасы сыйлыққа төрт бөлмелі пәтер алды. Баспананы Қазақмыс тобы үшемнің дүниеге келуіне орай бөлді», - делінген хабарламада.

Кішкентай үш баласы бар Құлтасовтардың отбасында тағы да үш бала дүниеге келді. Сәбилерге Нұрсұлтан, Бексұлтан, Маржан есімдері берілді.

«Қазақмыс» отбасына сондай-ақ материалдық көмек көрсетті.

Отбасы иесі компанияға қолдауы үшін алғысын білдірді.