Сатыбалды Бұршақов лауазымынан босатылды
АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының Жарлығымен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Бұл туралы Ақорда жариялады.
1968 жылы 24 тамызда дүниеге келген.
Білімі: Алматы педагогикалық шет тілдер институтын тәмамдаған, мамандығы бойынша ағылшын және орыс тілдерінің мұғалімі.
«Клингендаел» Нидерланды халықаралық қатынастар институтында тағылымдамадан өткен.
Шетел қызметі академиясы курсын аяқтады. (Исламабад).
Дипломаттық дәрежесі - ІІ сыныпты кеңесші.
Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы,
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі, бірінші хатшысы, кеңесшісі, бөлім бастығы,
Қазақстан Республикасының Венгрия Республикасындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы.
Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Парламентаралық байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет істеген.
ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі.
2019 жылдан Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі болды.
2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.
2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған болатын.