Сауд Арабиясы 10 ақпаннан бастап қажылар үшін міндетті вакцинация енгізеді
АСТАНА. KAZINFORM - Air Astana әуе компаниясы жолаушыларға 10 ақпаннан бастап Сауд Арабиясына кіру үшін менингококк инфекциясына қарсы вакцинация қажет екенін ескертті.

10 ақпаннан бастап умра мен қажылыққа баруға ниетті 1 жастан асқан барлық жолаушының менингококк инфекциясына қарсы егу сертификаты болуы керек.
- Менингококқа қарсы төрт валентті (ACYW-135) полисахарид вакцина кейінгі 3 жыл ішінде және Жидда, Мәдинаға келерден кемінде 10 күн бұрын салынған болуы керек. Немесе менингококкқа қарсы төрт валентті (ACYW-135) конъюгаттық вакцина кейінгі 5 жыл ішінде және қалаға келерден кемінде 10 күн бұрын салынған болуы керек, - делінген хабарламада.
Қосымша ақпаратты Сауд Арабиясы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан таба аласыз.
Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрі Бас мүфтимен донорлық және вакцинациялау мәселесін талқылаған болатын.