Сауд Арабиясы мұнай өндіру көлемін тәулігіне 600 мың баррельге қысқартты

АСТАНА. KAZINFORM - Иранның шабуылдары салдарынан корольдіктегі бірқатар энергетикалық нысандардың жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

мұнай
Фото: Энергетика министрлігі

Сауд Арабиясының энергетикалық инфрақұрылымына жасалған соққылар мұнай өндіру қуатын тәулігіне 600 мың баррельге төмендетті.

– Егер шабуылдар жалғаса берсе, жеткізілім көлемі азайып, қалпына келу үдерісі баяулайды. Бұл өз кезегінде мұнай нарығындағы құбылмалылықты күшейтеді, өйткені тұтынушы елдер үшін жеткізілім қауіпсіздігіне әсер етеді, – деп хабарлады Al Jazeera саудиялық шенеуніктің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 28 ақпаннан бері әртүрлі уақытта Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласындағы, Шығыс провинциясы және Янбу индустриялық қаласындағы мұнай, газ және энергетикалық нысандар шабуылға ұшыраған. Соның салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған.

Бұған дейін Қатар Ираннан келтірілген шығын үшін өтемақы талап еткені хабарланған болатын.