Сауд Арабиясы Йеменге әуеден бір тәулікте 35 соққы жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Сауд Арабиясы соңғы 24 сағат ішінде Йеменнің бес провинциясына 35 рет әуеден соққы жасады, деп хабарлайды Анадолы.

Саудовская Аравия нанесла 35 авиаударов по Йемену за сутки
Фото: Anadolu

Бұл туралы Иран қолдайтын йемендік «Ансарулла» (хуситтер) қозғалысымен байланысты «Саба» ақпарат агенттігі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, әуе соққылары Таиз, Әл-Джауф, Амран, Саада және Ходейда провинцияларына, соның ішінде азаматтық нысандарға жасалған. Сауд Арабиясы әзірге бұл мәлімдемелерге қатысты пікір білдірген жоқ.

Жағдайдың ушығуына байланысты Таиз және Лахдж провинцияларында үкімет күштері мен хуситтер арасындағы қақтығыстар да күшейе түсті. БҰҰ елде бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үшін тараптарды бірлесіп әрекет етуге шақырды.

БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы Йемендегі ұрыс қимылдарының күшеюі, халықтың қоныс аударуы және аштық балаларға төнетін қауіп-қатерді арттырып отырғанын ескертті. Тексеруден өткен шамамен 2,9 мың қоныс аударған баланың 25 пайыздан астамы қатты ашығудан және дұрыс тамақтанбаудан зардап шегеді, олардың 200-ге жуығының жағдайы ауыр.

Бұған дейін хуситтер Сауд Арабиясының Йеменге 28 рет әуе соққысын жасағанын мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар Сауд Арабиясы хуситтермен қақтығыс ушыққан тұста әскери дайындығын күшейтіп жатыр.

Хуситтер тарапынан шиеленістің күшеюіне байланысты Йемен Өкілдер палатасы жалпы мобилизация жариялау туралы шешімді мақұлдады.