Сауд Арабиясында АҚШ пен Ресей арасында келіссөздер жүріп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Сауд Арабия астанасы Эр-Рияд қаласында АҚШ пен Ресей делегациясы келіссөздері басталды.

Переговоры России и США начались в Саудовской Аравии
Фото: Артем Попов/ ТАСС

Келіссөздерге қатысу үшін ресейлік тараптан Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков пен сыртқы істер министрі Сергей Лавров келген. Сонымен қатар екі мемлекет делегацияларының жүздесуіне Ресей тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев те қатысып отыр.

Ал америкалық тараптан кездесуге қатысушылар мыналар: Құрама Штаттардың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтц және Ақ үйдің Таяу Шығыстағы елшісі Стив Уиткофф.

Мұнан бөлек, келіссөздерге Сауд Арабиядан сыртқы істер министрі Фейсал Бен Фархан әл-Сауд пен Сауд Арабияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Мусаид бен Мухаммед әл-Айбан қатысуда.

Келіссөздер Эр-Риядтағы Дирия сарайында өтіп жатыр.

Ресей АҚШ келіссөз Иранмен ынтымақтастыққа ешқандай әсер етпейтіндігін мәлімдеп отыр.

- Ресейлік-америкалық келіссөздердің басталуы Мәскеудің Тегеранмен ынтымақтастығына әсер етпейді, - деп хабарлады сейсенбі күні ТАСС ақпарат агенттігі Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песковке сілтеме жасап.

- Ресей Иранға оның ядролық бағдарламаларымен байланысты проблемаларды шешу үшін көмек көрсетуге дайын, - деп қосты Песков.

Америкалық компания Ресейден кетуі салдарынан 300 млрд доллар жоғалтып отыр. Ресей тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев ресейлік және америкалық шенеуніктер арасындағы Эр-Риядта жоспарланған келіссөздер өте маңызды екенін айтады. Сонымен қатар ол бір кездері Ресейден кеткен америкалық ірі мұнай компаниялары қайта оралады деп санайтындығын алға тартады.

- Америкалық компаниялар Ресейден кеткеннен кейін шамамен 300 млрд доллар жоғалтқанын түсіну өте маңызды. Осылайша, көптеген ел үшін ауқымды экономикалық шығын бар. Қазіргі уақытта не болып жатқанын өздеріңіз де білесіздер және біз алға қарай жол шешім деп санаймыз, - деді ол келіссөздер алдында.

Қытай келіссөздерге «барлық мүдделі тараптың» қатысқанын қалайды.

Қытай бүгін Сауд Арабиясындада жоспарланған америкалық-ресейлік келіссөздерді қолдайтындығын білдірді. Ал елдің БҰҰ-дағы бас елшісі дүйсенбі күні «барлық мүдделі тарап» оған жұмылдырылуы тиіс екенін мәлімдеді.

Қытай пайымы Украинағы қауіпсіздік кепілін беруге дайын екендіктерін мәлімдеген және Киевке Мәскеумен бейбіт келісім келіссөздерін жасаспай тоқтауға көну қауіпті болатынын ескерткен еуропалық көшбасшылардың пікірлерін қайталайды.

Зеленский мен Эрдоған соғыс жайын және екіжақты байланыстарды талқылайды.

Украина президенті Владимир Зеленский Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоғанмен Анкарада сағат 14:00-де кездеседі. Зеленский ұшағы демалыс күні Анкарадағы Эсенбоға әуежайына келіп қонған болатын.

Екі елдің көшбасшылары келіссөздерден кейін түс ауа бірлескен баспасөз мәслихатын өткізбек.

- Бирмингем университетінің Сауд Арабиянң сыртқы саясаты жөніндегі сарапшы Омар Карим бүгін өтетін кездесу Сауд Арабия басшылығының Трамппен де, Путинмен де тығыз достық қарым-қатынас орнатқанан білдіреді және бұл Сауд Арабияның екі тарап үшін де бейтарап, достас және серімді ұйым екендігін көрсетеді, - деп хабарлады AFP.

ВВС-дің хабарлауынша, америкалық тарап бүгінгі кездесудің мәні келіссөздерді бастауда емес, Ресейді Украинадағы соғыс тоқтауға ұмтылысының шынайылығын анықтауға бағытталғанын атап өткен.

Ресей АҚШ-пен қарым-қатынасын дұрыстау басты басымдық екендігін мәлімдеуде.

Бұл кездесудің қандай бөлігі жабық есік жағдайында өтетіндігі белгісіз.

Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге келіссөздердің «ең бірінші кезекте ресейлік-америкалық қарым-қатынастың барлық жиынтығын қалпына келтіруге арналатындығын» мәлімдеді.

Сонымен қатар ол «Украина қарары бойынша келіссөздер және екі президенттің кездесуін ұйымдастыру мүмкіндігі” талқыланатындығын айтты. Ресейлік дипломаттарға етене дереккөзі санкциядарды алып тастау негізгі тақырыптардың бірі екендігін атап өтеді.

Осыған дейін Ресей мен АҚШ делегацияларының Сауд Арабиясындағы кездесуі қашан өтетіні белгілі болған еді.

 

Соңғы жаңалықтар