Сауд Арабиясында аттракцион қақ ортасынан бөлініп, 23 адам жарақат алды

АСТАНА. KAZINFORM – Сауд Арабиясының Эт-Таиф қаласына жақын орналасқан Хада ауданындағы Green Mountain Park ойын-сауық саябағында «360 градус» аттракционы сынып кетіп, кем дегенде 23 адам жарақат алды, деп хабарлайды Oxu.Az Khaleej Times басылымына сілтеме жасап. 

Сауд Арабиясында аттракцион қақ ортасынан бөлініп, 23 адам жарақат алды
Фото: видеодан алынған скрин

Оқиға сәті видеоға түсіп қалған. Кадрлардан аттракционның дәл ортасынан сынып, демалушылар отырған кабинаның жерге құлағаны анық көрінеді. Құлау кезінде адамдардың қорқыныштан айқайлаған дауысы естіледі.

Жарақат алғандар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге анықталып жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда университет ғимаратынан студент құлап, көз жұмғанын жаздық. 

Соңғы жаңалықтар