Сауд Арабиясы ЭКСПО-ға жоғары технологиялық жобаларын алып келеді
Жүздесу барысында Ұлттық компания басшысы министрді ЭКСПО-2017 көрмесінің құрылысы мен оған дайындық жайын айтып берді.
«Барлық жұмыстар аяқталуға жақын. Қазіргі кезде қатысушы мемлекеттер өз павильондарын толтырумен қарқынды айналысып жатыр. Сіздің елдің павильоны келушілер саны және контенттік мазмұны жағынан тартымды болатынына сенімдімін», - деді А. Есімов.
Халид әл-Фалихтің айтуынша, Сауд Арабиясының ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы екі елдің экономикалық қарым-қатынасының күшеюіне септігін тигізбек.
«Біздің ел карбоннан жоғары технологиялық өнімдер шығарады. Көрмеге осы сала бойынша жаңа жобалар алып келеміз», - деді министр.
Әңгіме барысында Сауд Арабиясы Корольдігінің энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми ашылуына қатысатындығын растады.