Сауд Арабиясы королінің Франциядағы демалысы дауға айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдулазиз әл-Саудтың демалуы үшін Франциядағы Көгілдір жағалаудың (Лазурный берег) бір бөлігін жергілікті биліктің уақытша жауып тастауы үлкен дауға айналды, деп жазады шетелдік БАҚ.
None
None

Валлорис қаласының әкімшілігі 400 адамнан тұратын Сауд королі жақындарының қауіпсіздігі үшін жағалаудың жартысы қоршалғанын растады. Яғни, корольдің демалысы кезінде қоршалған бөлік өзге адамдар үшін жабық болады. Бұл шешім жергілікті және осы жағалауда жиі демалатын адамдардың қарсылығын туғызды. Сонымен қатар, король демалатын вилладан жағалауға дейінгі лифт құрылысы да елдің наразылығын туғызды. Сауд Арабиясының өкілдері демалыс біте салысымен қоршау алынып тастайтынын айтып, уәде берді.

Соңғы жаңалықтар