Сауд Арабиясы мұнай өндіру көлемі жағынан көш бастап тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың қараша айында Сауд Арабиясындағы мұнай өндіру көлемі жуырда ғана ОПЕК-ке мүше өзге елдермен мұнай өндіру көлемін қысқарту жөніндегі келісімге келгеніне қармастан өзінінің шарықтау шегіне жетті, деп хабарлады Би-и-си.
None
None

Рейтер агенттігі болса, өзінің халықаралық ұйымдағы дереккөзіне сілтеме жасай отырып, қараша айында Сауд Арабиясындағы өндірілген мұнай көлемі тәулігіне 10,72 млн баррельге жеткендігін хабарлады. Корольдікте «қара алтын» өндіру осымен екінші рет ең үлкен көрсеткішті көрсетіп отыр. Шілде айына бір тәулікте өндірілген мұнай мөлшері 10,67 млн баррельге жеткен.

ОПЕК ұйымының тағы бір дереккөзінің мәліметтері бойынша, мұнай өндіру Иракта да арта түсіп, күн сайын олар 4,8 млн баррель көміртегі өндіріп отырған көрінеді (салыстырмалы түрде алғанда қазан айында бұл ел тәулігіне 4,7 млн баррель мұнай өндірді). Сауд Арабиясы ОПЕК ұйымына мүше ең ірі мұнай өндіруші ел ретінде өндіріс көлемін тәулігіне 10,05 млн баррельге жеткізетіні жөніне ұйымға мүше өзге елдердің алдында уәде берген. Бұндай уағдаластыққа 30 қарашы күні жасалған келісім бойынша қол жеткізілді.

Мұнайды қараша айында рекордты көлемде өндіру бұл елге мойнына алған жауапкершілікті 2017 жылдың қаңтарынан бастап-ақ жүзеге асыру үшін бұл әске айтарлықтай күш салу қажет болатындығын көрсетеді.

Өткен сенбіде Ресейді қоса алғанда мұнай тасымалдаушы мемлекеттердің ұйымына кірмейтін елдердің өкілдері бас қосып, мұнай бағасын тұрақтандыру мақсатында өндіріс көлемін қысқарту жөнінде келісімге келді.

Соңғы жаңалықтар