22:23, 18 Шілде 2015 | GMT +5
Сауд Арабиясында 400-ден астам содыр тұтқындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының полициясы мешітке шабуыл жасамақ болды деген күдікпен 431 адамды тұтқындады, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
Билік өкілдерінің айтуынша, олар «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының мүшелері. Олар полицейлер мен тексеру бекеттеріне де шабуыл ұйымдастырмақ болған.
Сауд Арабиясында мамыр айында шиғалар тұратын аудандағы мешітте жарылыс болып, 20 адам қаза тапқан болатын. Осы жарылысты «ИМ» содырлары өз мойнына алған.
Сауд Арабиясы АҚШ жетекшілік ететін коалиция құрамында Сиря мен Ирактағы «ИМ» содырларына қарсы әскери іс-қимылдарға қатысуда.