Сауд Арабиясында жалпыға бірдей жаңбыр тілеген мінәжат өтеді

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының Королі Абдалла бен Әбд-әл-Әзиз өзінің отандастарын 18 ақпанда жалпыға бірдей жаңбыр тілеген мінәжат өткізуге шақырды.
None
None

Мұсылман дәстүрінде Жаратқаннан жаңбыр сұрап жалбарыну мінәжаты бар, деп хабарлады РБК.

SPA агенттігінің хабарлауынша, монарх өзінің бағынышты халқын жауын-шашын болмай қиындық кешіп отырған осы күндері мейірбанды және кешірімшіл болып, мінәжат етуге шақырды.

Корольдің жаңбыр сұрап, жалпыға бірдей мінәжат етіп, сауын айтуы - араб корольдігінде орныққан дәстүрлердің бірі. Мемлекет басшысы ел азаматтарының қиын сәттерде Мұхаммед пайғамбар өсиет еткен салтты ұстана отырып, Аллаға жалбарынуға кеңес береді.

Сауд Арабиясының аумағында өзендер жоқ. Корольдік тұрғындары суды Қызыл теңізден және Парсы шығанағынан алып, тұшытып ішеді.

Арабия монархиясының азаматтары мұсылман дінін ғана ұстанады. Басқа діндердің храмдарын салуға заңмен тыйым салынған. Сонымен бірге, мұсылман дініндегілерден басқаларға Мекке мен Медиваға баруға болмайды, Сауд Арабиясының королі осы қасиетті орындардың сақтаушысы болып табылады.

Соңғы жаңалықтар