Сауд Арабиясының билігі «ханзаданың өлімі» жайлы пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының билігі 44 жастағы ханзада Абдул-Азиза бин Фахдтың өлімі жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Daily Mail.
None
None

Бұдан бұрын БАҚ-тарда Абдул-Азиз ханзаданың жексенбі, 5 қарашада тұтқынға алуға әрекет жасаған кезде атып өлтірілгендігі хабарланған болатын.

Сонымен қатар, ханзаданы тұтқындау бір кездері ливан премьер-министрінің отбасына тиесілі болған Saudi Oger Ltd компаниясындағы жағдайға байланысты екендігі мәлімделіп отыр.

Еске сала кетсек, 4 қарашада Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдул-Азиз Аль Сауд сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жарлық шығарып,  елдің билік құрылымын қызметін теріс пайдаланатындардан тазартатындығын мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар