Сауда орталығында құлаған баланың анасы: Кім баласын 3-ші қабаттан лақтырады?

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Март» сауда ойын-сауық орталығында 12 қазан күні 3-ші қабаттан құлап кеткен екі жасар баланың анасы Айнұр Бекбасарова болған оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Сол күні үлкен қызымыздың туған күні болатын. Балаларды ойнатып, қайтып келе жатқанбыз. Екі айлық кіші баламыз қол арбада болған. Нұрғиса (құлаған бала- ред) әкесінің қолында болған. Түсіп келе жатқанда арбаның дөңгелегі эсколаторға тіреліп қалды. Әкесі маған көмектесем деп, арбаны жұлқып қалғанда қолындағы Нұрғиса үшінші қабаттан құлап түсті. Ешкімге кінәміз жоқ. Жазмыш деп есептейміз. Техника жұмыс істеп тұрды. Кім баласын 3-ші қабаттан лақтырады? Ешкімді кінәламаймыз», - деді Айнұр Бекбасарова.

null 

Журналистердің сұрағына жауап берген баланың анасы көпбалалы отбасы екенін айтты.

«Біздің 4 баламыз бар. Бұл үшінші баламыз. Аты - Нұрғиса Жолдыбай. Енді басына жасайтын екінші ота бар. Соған дайындаламыз. Барлық ота, дәрілер тегін. Бүгін баламызды үйге апара жатқанымызға қуаныштымыз. Өте ауыр халде келді. Ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз. Әлі де аяғынан тұрып кеткенше осы аурухананың бақылауында боламыз», - деп баланың анасы алғыс білдірді.

Айта кетейік, 12 қазан күні «Март» сауда ойын-сауық орталығында 3-қабаттан құлаған 2 жасар Нұрғиса үйіне шығарылды. Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығы бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхаммед Рузуддинов баланың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты.

null 

«Жарты жыл баланың жағдайын бақылаймыз жақсы болса, басына пластикалық ота жасаймыз. Басына қан құйылғандықтан, бірінші отаны басына жасадық. Бас сүйегінің детальдары сақталып тұр. Жағдайы жақсы болғаннан кейін, екінші ота жасаймыз. Ол бала бізге өте ауыр жағдайда түсті. Қазіргі кезде жағдайы қанағаттарлық. Бұған дейін айтақынымыздай, осы уақыт аралығында балаға екі ота жасалды. Бірінші, бас сүйегін, екінші, ортаңғы жілігіне жасадық. Қазір гипспен үйіне қайтарылады. Сосын, аяғындағы гипсін шешеміз. Жағдайы жақсарып, өз аяғымен жүргеннен кейін, басына үшінші, пластикалық ота жасаймыз», - деді Д.Рузуддинов.

Айта кетейік, 12 қазан күні 2 жасар бала «Март» ойын-сауық сауда орталығының 3-қабатынан құлап кеткен болатын. Дәрігерлер балаға ашық бас ми жарақаты, ортаңғы жілік сынығы, кеуде, іш пердесінің соғылуы секілді диагноз қойған болатын. Оқиға Түркісіб аудандық ІІБ-де қайғылы жағдай ретінде тіркеуге алынған.

null null 

Соңғы жаңалықтар