Саудадан қауіпті пиротехникалық бұйымдар алынып тасталды - Павлодар

ПАВЛОДАР. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда полиция және ТЖ қызметкері бірігіп тұрғындардың денсаулығына қауіпті деген пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатылымнан алып тастау мақсатында рейд өткізді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Саудадан қауіпті пиротехникалық бұйымдар алынып тасталды - Павлодар

Арнайы комиссия базарда орналасқан сауда орындарын тексерді. Рейд барысында рұқсат берілмегеніне қарамай, пиротехниканы сатқаны үшін сауда нүктесінің иесі ұсталды.

«Әр жаңа жыл сайын көптеген павлодарлық тұрғындар ауруханаға түсіп жатады. Оның себебі сапасыз пиротехника, тіпті жаңажылдық петарданың қолда жарылып кеткен оқиғалары да болды. Сондықтан да жаңа жылдық отшашу келеңсіз жағдайларға алып келмесе екен дейміз», - деді ТЖД-нің өкілі Арман Бұқаев.