21:45, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Сәуір айында «Бурабай» туристік орталығының құрылысы басталады ? Т.Досмұхамбетов
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ағымдағы жылдың сәуір айында «Бурабай» туристік орталығының құрылысы басталады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен алқа мәжілісінде ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, бүгінде отандық және түріктік инвестор компаниялар «Бурабай» туристік орталығын құру жұмыстарын бастады. «Қазіргі кезде қажетті құжаттамалық жұмыстар аяқталып, орталық құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталады», - деді Т.Досмұхамбетов.Сондай-ақ министрдің сөзіне қарағанда, Куәйт, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктерінен келген инвесторлар «Ақтау сити» жобасын іске асыруды қолға алып отыр. Ал облыс әкімдігі «Кендірлі» демалыс аймағы бойынша жобалық құжаттарды әзірлеу жұмысын аяқтап келеді.