Сәуір айында ірі және орта кәсiпорындарға 77,3 мың адам қабылданып, 65,7 мың адам жұмыстан кетті

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Статистика агенттігінің жедел деректеріне сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға ағымдағы жылғы сәуірде 77,3 мың адам жұмысқа қабылданды, түрлі себептермен - 65,7 мың адам жұмыстан кетті,

Сәуір айында ірі және орта кәсiпорындарға 77,3  мың адам қабылданып, 65,7 мың адам жұмыстан кетті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында, өз еркімен жұмыстан босатылғандар 79,1 пайыз, қызметкерлер санының қысқартылуына байланысты - 1,4 пайыз, басқа себептер бойынша - 19,5 пайызды құрап отыр.