Сәуірде теңгемен берілген несиелер бойынша пайыздық сыйақы көлемі 1,0 пайызға азайды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бас банкирдің айтуынша, ұлттық валютадағы несиелер бойынша борыштың көлемі 0,5 пайызға ұлғайып, 3984,2 миллиард теңгені құрады. Ал шетел валютасында 1,2 пайызға төмендеп, 3593,8 миллиард теңге болды. Теңгедегі несиелердің үлес салмағы 2010 жылғы наурызбен салыстырғанда 2010 жылғы сәуірде 52,2 пайыздан 52,6 пайызға дейін өсті. Ұзақ мерзімді несиелендіру 6383,1 миллиард теңге деңгейінде қалып, өзгерген жоқ. Ал қысқа мерзімді несиелер 1,9 пайызға немесе 1194,8 миллиард теңгеге дейін төмендеген. Нәтижесінде ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағы 2010 жылғы наурызбен салыстырғанда сәуірде 84,0 пайыздан 84,2 пайызға дейін ұлғайған.
Ал заңды тұлғаларға берілген борыш сомасы сәуірде 0,2 пайызға азайып, 5444,6 миллиард теңгеге, жеке тұлғалар бойынша 0,7 пайызға азайып, 2133,4 миллиард теңгеге дейін төмендеген. Нәтижесінде жеке тұлғаларға кредиттердің үлес салмағы бір айда 28,3 пайыздан 28,2 пайызға дейін азайған.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттік борышы наурызбен салыстырғанда сәуірде 2,2 пайызға немесе 1738,2 миллиард теңгеге дейін ұлғайған. Бұл экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 22,9 пайызын құрап отыр.
«Банктердің экономикаға кредиттері бойынша неғұрлым айтарлықтай борыш сомасы салалар бойынша алғанда экономиканың сауда (жалпы көлемдегі үлесі - 23,1%), құрылыс (19,4%), өнеркәсіп (9,9%) және ауыл шаруашылығы (3,4%) сияқты салаларына тиесілі болды», деді Ұлттық Банк төрағасы.
2010 жылғы сәуірде банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 14,2 пайыздан 13,3 пайызға дейін, ал жеке тұлғалар бойынша - 20,9 пайыздан 19,1 пайызға дейін төменген.