Сәуірдің 15-і мен мамырдың 20-сы аралығында «Ең үздік студент ? 2009» байқауы өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін елорданың Халықаралық баспасөз орталығында сәуірдің 15-і мен мамырдың 20-сы аралығындағы «Ең үздік студент – 2009» республикалық сыйлығына байқаудың басталуына орай баспасөз мәслихаты өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Аталмыш іс-шара еліміздің жастар шығармашылығын дамыту мүддесін арттыру, жастар қозғалысын ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біздің ел аймақтарындағы өкілдіктеріміз ең үздік студенттердің құжаттарын қабылдап, Астана қаласындағы республикалық штабқа жібереді. Мамырдың соңына дейін комиссия олардың ең үздігін анықтайды. Сондай-ақ Алматы қаласында «Жыл студенті» гала-концертін ұйымдастыру жоспарланып отыр», - деп атап өтті баспасөз мәслихатында Қазақстан Студенттері альянсының көшбасшысы Ермек Мақашев. Байқау 8 аталым бойынша өтеді. Олар ? журналистика, ғылым, спорт, халықтық шығармашылық, дизайн және қолданбалы өнер, музыкалық эстрадалық өнер, әдебиет және қоғамдық жұмыстар. Сайысқа 16 мен 25 жас аралағындағы жастар қатыса алады. Жеңімпаздарға «Ең үздік студент ? 2009» атағы беріліп, диплом, мүсінше мен бағалы сыйлық табыс етіледі.