«Сауран» аула клубының жас павлодарлық боксшылары халықаралық сайыстан 12 медаль еншіледі
ПАВЛОДАР. 4 маусым. ҚазАқпарат - Новосібірде өткен Сібір мен Қазақстан қалаларының халықаралық сайысында «Сауран» балалар аула клубының боксшылары 12 медаль олжалады,
деп хабарлады Павлодар қаласының білім беру бөлімі.
Жас боксшылардың еншісінде 2 алтын, 6 күміс және 4 қола медаль. Жүлдегерлер осы жазғы маусымда Мәскеуде өтетін Еуропа турниріне шақырылды.
Айта кетейік, жас боксшылардың спортпен айналысып келе жатқандарына көп болған жоқ, мәселен «алтын» медаль еншілегендер 1 жылдың шамасында, 2 және 3 орынға ие болғандар небәрі 6 ай ғана спортпен шұғылдануда.
«Сауран» балалар клубында самбо, дзюдо, қазақша күрес және кекушинкай-карате сияқты секциялар бар.