Саян-Шуша ГЭС-інде апаттан кейін қалпына келтірілген гидроагрегат іске қосылды

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Саян-Шуша ГЭС-інде апаттан кейін қалпына келтірілген алтыншы гидроагрегат іске қосылды,

Саян-Шуша  ГЭС-інде    апаттан кейін  қалпына келтірілген  гидроагрегат  іске  қосылды

деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

Агрегатты іске қосу рәсіміне бүгін Хакасияға екікүндік сапармен келген Ресейдің премьер-министрі Владимир Путин қатысты.

Ресейдің ірі гидро-электр стансысы саналатын Саян-Шуша стансысында өткен жылы тамыздың 17-сінде үлкен апат орын алып, оқиға салдарынан 75 адам қаза болған еді. Төтенше оқиғаның салдарынан стансыдағы 10 гидроагрегаттың үшеуі қирап, алтауы зақымданған еді.

Стансыда қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда.