Саясат Нұрбек Гарвардта оқып жатқан отандастарымыз жайында: Дүрбелең салуға әлі ерте
АСТАНА. KAZINFORM – Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Гарвард университетінде білім алып жатқан отандастарымыздың жағдайына байланысты пікір білдірді.

— Жағдай күрделі. Министрлік оны бақылауда ұстап отыр. Бүгіннің өзінде барлық тиісті сауалды жолдадық. Қабылданған шешім әзірше түпкілікті емес. Қазіргі уақытта сот талқылауы жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысы 29-ына белгіленген. Дүрбелеңге түсуге әлі ерте. АҚШ-та сот сатысы шешім қолдау табатындығына немесе заңды күшіне енетіндігіне қатысты қорытынды форматты айқындауы мүмкін. Сондықтан да қазір соттың ресми шешімін күту маңызды. Бүгінде Гарвард университетінде «Болашақ» бағдарламасымен 7 азаматымыз білім алып жатыр: бесеуі магистрант, екеуі тағлымдамадан өтуші. Біз бағдарламаның барлық қатысушысымен байланысып отырмыз, — деді министр елордада бүгін өтетін Астана халықаралық форумы аясында.
Оның атап өтуінше, Гарвард университетінде шетелдік студенттерді оқытуға шектеу енгізілетіндігіне не енгізілмейтіндігіне байланысты түпкілікті шешім қабылданғаннан кейін министрлік қажетті шараларды қолға алады.
— Естеріңізде болса «Фукусимада» ірі апат болған кезде Болашақ кеңсесін басқарған едім. Сол уақытта министрлік деңгейінде арнаулы тетік әзірленіп, комиссия құрылды. Егер ахуал азаматтарымызға, олардың мамандықтарына қатысты болса, онда біз мұндай шектеу жоқ өзге университеттерге ауыстыруды ұйымдастырамыз. Плюща лигасында бір емес 9 университет бар және олар шамалас деңгейде. Студенттер аталған ЖОО-лардың бірінде стипендия тағайындалған мамандық бойынша оқуын жалғастыра алады. Ауыстыру алгоритімі пысықталған, келісім бар. Бұл университеттердің барлығы «Болашақ» бағдарламасының серіктесі. Сондықтан бізде барлық уақытта ба іс-қимылдың балама сценарийі бар, — Саясат Нұрбек.
Еске сала кетсек, Трамп әкімшілігі Гарвардты шетелдік студенттерді оқыту құқығынан айырды. Университет енді студенттік виза алуға қажетті құжаттарды бере алмайды. Қазірдің өзінде оқып жатқан шетелдіктер басқа университеттерге ауысуға мәжбүр болады, әйтпесе олар депортацияға ұшырайды.