Саясат Нұрбек Мәжілістегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысты

«ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» ҚР Заңының 17-бабына сәйкес, Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбектен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысуы туралы өтініші келіп түсті. Осыған байланысты депутат С. Нұрбектің аталған комитетке ауысуы туралы өтінішін қанағаттандыруды ұсынамын», - деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан.
Палата депутаттары аталған өтінішке қолдау білдіріп, тиісті шешім қабылдады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл ақпан айының соңында Парламент Мәжілісіндегі Amanat партиясы фракциясының бос мандаты Саясат Нұрбекке берілді.
Ал наурыз айының басында Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаты Саясат Нұрбек ант беріп, палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайлады.