Саясат Нұрбек өңір әкімдерінен ЖОО-ларды компьютермен жабдықтау үшін қаражат бөлуді өтінді

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өңір әкімдерінен жоғары оқу орындарын компьютермен жабдықтау үшін қаражат бөлуді өтінді.

Саясат Нұрбек
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

- Жасанды интеллект және цифрландыру министрлігі және Astana Hub-пен бірлесіп, университеттер базасында Tomorrow School жобасын іске асырып жатыр. Жоба халықаралық әдістеме негізінде барлық өңір тұрғындары үшін тәулік бойы қолжетімді форматта ұйымдастырылады. Қазіргі таңда 4 өңірде жобаны іске асыру үшін қажетті оқу орынжайлары бөлініп, компьютерлік техникамен толық қамтамасыз ету мәселелері шешілді, - деді ол.

Министрдің айтуынша, жобаны жүзеге асыруға Ақмола, Қостанай және Алматы облыстары белсенді қолдау көрсетіп отыр.

- Қалған 15 өңірде компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мәселелері пысықталу үстінде. Осыған байланысты, Олжас Абайұлы, өңір әкімдіктеріне жоғары оқу орындарын компьютерлік техникамен жабдықтауға арналған қаражат тарту бойынша қосымша тапсырма беруді сұраймыз, - деді Саясат Нұрбек Премьер-министр Олжас Бектеновке.

Бұған дейін 100 мың студент ЖИ бойынша тереңдетілген курстарды оқитынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар