12:14, 14 Ақпан 2023 | GMT +5
Саясат Нұрбек: Түркияда оқып жүрген қазақстандық студенттерді елдегі ЖОО-ларға қабылдауға дайынбыз
АСТАНА. ҚазАқпарат –ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркияда оқып жатқан студенттерді қазақстандық университеттер қабылдауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазір Сыртқы істер министрлігімен өте тығыз байланыстамыз. Біз шетелде оқып жүрген, оның ішінде Түркияда оқып жүрген өзіміздің азаматтарымызды, қандастарымызды қабылдауға дайынбыз. Ол үшін қабылдау ережелерін өзгерттік. Бұрын тек қана сессияның арасында немесе жазғы демалыстар кезінде ғана ауысатын болса, қазіргідей қиын жағдайда біздің университеттер қабылдауға дайын», - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.