Саясат Нұрбек жоғары білім саласындағы 2 рекордты атады

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл оқу жылында елімізге 31 500 шетелдік студент келді. Бұл туралы Астана халықаралық форумы аясында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. 

Саясат Нұрбек жоғары білім саласындағы 2 рекордты атады
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Соңғы 3 жылдың ішінде елімізде ең мықты 38 шетелдік университеттің филиалы ашылды. Осы жұмыстың арқасында 2 тарихи рекорд болды. Биыл оқу жылында Қазақстанға 31 500 шетелдік студент келді. Бұл — тарихи рекорд. Оның үстіне тарихымызда тұңғыш рет ТМД елдерінен студенттер көбірек келіп отыр. Ресейден 3 мыңнан астам, Қытайдан 2 мыңнан астам, Пәкістан мен Үндістаннан 12 500, Моңғолия, Түркия, Әзербайжан, Нигерия, Оңтүстік Африкадан студенттер келді. Көші-қон сальдосы ауысып жатыр, — деді министр.

Осы орайда ол шетелде білім алуға кететін Қазақстан жастарының да көп екенін жасырған жоқ.

— Бірақ, шетелдік университеттердің филиалдарын ашу арқылы осы көші-қонды кері бағыттау мақсатын қойдық. Қазірдің өзінде 38 филиалда 10 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Демек, Қазақстан талапкерлерге ең мықты британдық, америкалық, неміс, француз, кәріс, қытай сынды ең дамыған елдердің білімін алуға мүмкіндік береді, — деді Саясат Нұрбек.

Айта кетелік Саясат Нұрбек Гарвардта оқып жатқан отандастарымыз жайында пікір білдірген еді

Соңғы жаңалықтар