Саясат сардары

АСТАНА. ҚазАқпарат - сыдан ширек ғасыр бұрын Тәуелсіздіктің арайлы ақ таңы атқан шағында көк байрағымыз көк аспанмен астасып биікте желбірегенде, арманымыздың ақиқатқа, қиялымыздың шындыққа айналғанына қатты қуандық, деп жазады «Айқын» газеті.

Саясат сардары

Арғы дәуірде жарқын болашақтың сағынышымен өмір бойы күресіп өткен ұлы бабаларымыздың ақ батасы, берісінде талай қанды кезеңдерді кеш¬кен сүйегі асыл аталарымыздың тілегі қабыл болғанына бәріміз куә болдық. Дей тұрғанымен, ұлы тарихымыздан бүгінге ұрандатып жеткен еліміздің киесі, жеріміздің иесі - «Қазақ» дейтін ұлттың болашағы қалай болады?» деп ақтаңгер ақын Сүйінбай жырлағандай, «Қазақ қазақ болғалы, Қазақ атқа қонғалы, Не көрмеді бұл елім?» деп алаңдадық. Сондықтан «Еңселі ел боламыз ба?» деген мәңгілік сауалға жауап іздедік.
Міне, осындай шешуші кезеңде халқымыз аманаттаған, ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын кең байтақ Ұлы дала елі - Қазақстан Республикасына Президент болып сайланған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулеті-міздің тасуы да өз қолымызда» деп баршамызға жауапкершілікті сезіндіргені есімізде. Екі тарихи кезеңнің тоғысар тұсында сенім мен үміт арқалаған Елбасымыз әу баста кеудеде қиял болып ұялаған, көркем сөз болып көмекейде бұлбұлша сайраған Тәуелсіздіктің ұғымын - ұлттық санаға, Азаттық ұранын - елдік тіршілікке айнал¬дырды. Асқан табандылықпен елімізді асқар асулар мен биік белестерден асырып, мемлекеттік кемел келешегін қамтамасыз ететін әлемдік деңгейдегі шаруаларға батыл кірісті.
Ұлтымыздың ең ұлы байлығы саналатын - ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында санамызға алдымен ұлы бабала¬рымыздың есімдері оралатыны ақиқат. Кемеңгер ата-бабаларымыздың айтқан ақиқатын, салған әнін, жырла¬ған толғауын, аманттаған ұлы жауап¬кершілігін сол қалпында, қаймағы бұ-зылмаған күйде сақтап жеткізген әкелеріміз бен ағаларымыздың аттары есімізден шығуы мүмкін емес. Сынға түскен осынау өтпелі кезеңнің алмағайып жылдары ішінде ерлік пен ел¬дікті, береке мен бірлікті, сабыр мен салмақты, намыс пен жігерді ту еткен кешегі мен бүгінгі күннің мемлекет және қоғам қайраткерлерін, зиялы қауым өкілдерін, ақын-жазушыларын қалай ұмытамыз. Ғаламдық бастама көтерген Елбасымыздың Қазақстан дамуының жаңа жолын салып, тіпті сол даму үрдісінің заманауи үлгісін қа¬лыптастырып, Тәуелсіздігімізді ресми түрде негіздейтін мемлекеттік атрибуттарды жүзеге асырғанын қалай жоқ¬қа шығарамыз?
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл бастамаларын, игілікті арқау еткен идеяларын өз за¬мандастары мен достары, ізбасарлары мен шәкірттері әрдайым қасынан та¬былып қолдап отырды. Мемлекеттіліктің іргесін қалап, Тәуелсіздіктің тұғырын беку ең күрделі ұлттық миссия, ең жауапты міндет екені о бастан белгілі-тұғын. Сондықтан ұлтжандылықпен, отансүйгіштікпен қатар келетін қа¬жырлы еңбек, сарқылмас қайрат және қайтпас қайсар мінез талап етілді. Әйтпесе екі ғасырдың тоғысында тұрып, жаралы жолбарыстай жиырылып, «ұзында өшін, қысқада кегін» кімнен аларын білмей, сол бір аласапыран ке¬зеңде біресе іштен, біресе сырттан жау іздеген елді аман қалдыру қиынның қиыны болатын. Сондықтан мемле¬кеттің тізгінін ұстаған Елбасымызбен бірге ел тарихында, ұлт жадысында қа¬латын асқар ағаларымыздың, заңғар замандастарымыздың асқан патрио¬тизм¬мен жандарын аямай қызмет ет¬кені аңыз емес ақиқат. Халық тағдыры таразыға түскен шақта ұлт Көшбасшысының сөзін жерге тастамай, күр¬меуі күрделі де өміршең мәселелердің шешімін тауып, өздеріне тапсырылған ұлы міндеттің ыстығына күйіп, суығына тоңып отырды.
Азаттықтың арайлы ақ таңы өзі-мен-өзі атпағандай, Тәуелсіздіктің тұғыры да өзімен-өзі беки түспейді. Еге¬мен еліміз талай сынға түскен ширек дәуірдің әрбір күні айға, әрбір аптасы жылға, әрбір жылы ғасырға бергісіз жетістікке қол жеткізгені сөзсіз. Осын¬дай жемісті де жеңісті қызметтің атқарылатынына кәміл сенген халқымыз алысты болжай білетін кемеңгер Көшбасшымызға үміт артып, ел тағдырын тапсырды. Ұлттың үмітін, халықтың сенімін ақтаған ерен Елбасымыз да үзеңгілес достарына, қызметтес әріптестеріне және ізін басып келе жатқан ел азаматтарына сенім білдірді. Бүгін де ұлтжандылығымен, елжандылығымен, қарым-қабілетімен ерекшеленген ел азаматтары, мемлекет қайраткерлері ұлтымызды ұятқа қалдырмай, керісінше, еліміздің еңсесін көтеретін зіл-батпан шаруаларды ұйымдастырып, адал қызмет етіп келеді.
Мыңжылдықтың ширек ғасырында, тәуелсіздік жылдарының ішінде тағылымы мол институттың қалыптасқаны жасырын емес. Жер бетінде қазақ демократиясының үлгісі жасалды. «Қазақстандық жол» деп аталатын мемлекеттіліктің, елдіктің дамуына серпін беретін, өзіндік жүйесі бар, тәр¬тібі бар дара да сара жол салынды. Яғни «Назарбаев мектебі» дейтін мемле¬кетке адал қызмет етудің, Бауыржан Момышұлы айтқандай, «елім деп езіліп, жұртым деп жұмылып» еңбек етудің, ұлтты ұйыстыру, елді елдестіру жо¬лын¬да шын пейілмен, ыждаһаттылықпен жұмыс істеудің үлгісін үйрететін, қандай қиындық болсын сол қиындықты еңсеріп, күдер үзбей, еңсе түсірмей, ел¬дің алдына қойған мақсатқа жетудің өнегесін көрсететін мемлекеттік, қоғамдық, тіпті жалпыхалықтық жүйе қалыптасып үлгерді. Осы мектептен талай-талай қарымды да қажырлы қайраткерлер түлеп шықты. Ел мен жердің тізгінін ұстаған бір буын, тіпті көз алдымызда Мәңгілік елдің көк байрағын мәңгі бақи желбірететін саналы ұрпақ өсті.
«Шындық - көп, ақиқат - жалғыз» деген көкірегі ояу батырларымыз. Сол мектептен түлеп шығып, көп «шындықтың» бірі емес, бірегей «ақиқатқа» айналып үлгерген, ақыл-парасатымен талайды таңғалдырып, қайраткерлік рухымен талай істі сөзсіз тыңдырған, елді елдестіріп жұртты даусыз жақындастырған - Қазақстанның мемлекет қайраткері, Төтенше және өкілетті елшісі, министр Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев.
Қанат Бекмырзаұлының өнегелі өмірі халықтың көз алдында өтті. Ол еңбек жолын М.Әуезов атындағы Мем¬лекеттік академиялық драма театрында режиссерліктен бастап, аға жасына жеткенге дейін үш бірдей үлкен ми-нистрлікті басқарды. Біздің айтып отырғанымыз әлгі солақай саясаттың қаны тамып тұрған кезі болатын. Театр¬ға келген жылы, яғни 1968 жылы - Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Қапан Бадыров, Сабира Майқанова, Бикен Римова, Хадиша Бөкеева сынды корифейлер мен Асанәлі Әшімов, Зәм¬загүл Шәріпова, Торғын Тасыбекова, Әнуар Молдабеков, Ыдырыс Ноғайбаев, Фарида Шәріпова сынды сол кездегі жас таланттардың өнерді өрге сүйреген алтын шағы еді. Қанат Бекмырзаұлы қазақ өнерінің шоқ жұлдыздарымен қоян-қолтық араласып, мәдениет пен әдебиеттің, театр өнерінің қазына-бай¬лығымен, адамдық болмыс қасиетімен, адамгершілікпен жақыннан танысқанын жасырмайды. Осы өмірлік бас¬тама, тіршіліктің тар да тайғақ соқпағына жасаған алғашқы қадамы, ғұмыр тудырған шығармашылық жолының киесі оны талай биіктерге шығарғаны сөзсіз. Қазақстанның Халық Қаһарманы Әзербайжан Мәмбетов сол бір сәулелі кезеңді еске алғанда:
- Қанат жас болғанына қарамай, қазақ театрының шоқжұлдыздардың ішінде жүріп, есінен танған жоқ. Ке¬рі¬сінше, ол бәрімен жақсы араласты. Әсіресе, Асанәлі Әшімов және Серке Қожамқұловпен достық қарым-қатынаста болды. Ол спектакльге Сер-ағамен ұзақ дайындалатын. Сонда Сер-аға Қанатты қайта-қайта «Мой Товстоногов» деп еркелететін, - дейді.
Ол мемлекеттік кинематография комитетінің төрағасы болған жылдары қазақ киносы әжептеуір табыстарға жетті. Сол кезде қазақ киносына үр¬кердей болып бір топ талант келді. Бүгінде сол шығармашылық көшті бастап, қазақ киносының ауыр жүгін көтерген таланттарымыз елдің мақтанышына айналды. Қазақтың көрнекті жазушысы Баққожа Мұқай өзінің естелігінде сол жылдарды тебіреніспен еске алып жазады:
«1983 жылы Олжас Сүлейменов Жазушылар одағына бірінші хатшы болып сайланды да, оның орнына төраға болып Қанат Саудабаев бекітілді. Жаңа басшының істі жаңаша бастайтыны белгілі ғой. Бұл біраз адамға ұнамайды. Олар Олжекеңе жүгіреді. Қайраткер Қанат ақын Олжасты тыңдай қоймайды. Қанат інісіне ренжіген Ол¬жеке бірде Димаш Ахметұлына өкпесін айтады.
- Ертең сағат тоғызда Димаш Ахметұлының қабылдауына кел! - деп телефон соғады үлкен кісінің көмекшісі Дүйсетай Бекежанов. Төтенше жағдай болмаса үлкен кісінің шақыр¬майтынын білетін Қанат бір қауіпті сезеді. Барлық мәселені біліп отыратын Дүйсетай Бекежановтан сыр тартып көреді.
- Кеше Олжас кірген, - дейді ол. Мәселенің байыбына баруға осы хабар жетіп жатыр еді. Ертесіне оны Димаш Ахметұлы салқын қарсы алады.
- Сен бармай жатып, өзімбі¬лер¬мендікке салынып кеткен сияқтысың. Ешкіммен ақылдаспайтын көрінесің ғой, - дейді Димекең.
- Димаш Ахметұлы, ол саланы ма¬ған сеніп тапсырдыңыз. Қазақ киносының тағдырына мен басыммен жауап беремін. Мен біреудің қалтасындағы министр (карманный министр) болғым келмейді, - дейді Қанат. Мына сөзді естіген Димекеңнің қабағы жадырап, қарқылдап күліп жіберген екен».
Қайраткер Қанат Бекмырзаұлы ақын Олжас Сүйлеменовтің жақын досы екені қалың оқырман қауымға белгілі. Талай мемлекеттік қызмет баспалдақтарында жолдары қосылды. Екеуі де әлемнің биік мінбелерінен сөз сөйлеп, «Қазақстан» деп аталатын мемлекеттің мүддесін қорғады. Олжас Сүлейменов «Көп жаса, Қанатжан!» деп Қанат Бекмырзаұлына сонау Па¬рижден достық ілтипатын жеткізіп, басылымның бір бетіне сұхбат берді. Қанат Саудабаев та одан қалыс қалмады. Ақын Олжас, қайраткер Олжас туралы естеліктер жазып, қалам тер-бетті. Осы мәңгі достықтың мәдениет пен өнер саласынан бастау алатыны шындық.
Әдетте қазақ киносының жаңа тол¬қынының Сергей Соловьев пен Олжас Сүлейменовтің аттарымен байла¬ныс¬тырады, дегенмен, атақты киноре¬жис-серлердің барлығы Қанат Саудабаев есімін сол таланттармен қатар атап отырады. Өйткені қазақ кинолабора¬ториясын қалыптастыру идеясы Олжас Сүлейменовке тиесілі болса, ол идеяны жүзеге асырған шүбәсіз Қанат Саудабаев еді. Сондықтан ол кинема¬тография саласының дамуына ерекше үлес қосты. Талай таланттардың көзін, жас режиссерлердің жолын ашты. Әсілі, таланттың көзін ашу бұлақтың көзін ашуымен бірдей. Шынтуайтында, оған да талант керек емес пе? Айтқа¬нынан қайтпайтын қайсар мінезімен ол қазақ киносына жаңа серпін берді. Империяның күйреу тұсында тұрып, қаржылық қиындыққа қарамай тү¬сірген «Игла», «Отырардың күйреуі» сынды фильмдері кино көкжиегін кеңейткені мәлім.
Қанат Бекмырзаұлы Мәдениет министрінің орынбасары болып істеген жылдары драматургияға бір топ жаңа есім келді, жаңа леп есті. Қазақстан театрларында серпіліс басталған-ды. Сол кезде де өнерге деген жанашыр көңілдің тазалығын, асқан адалдығын көрсетті. Мәдениет жөніндегі мемле¬кеттік комитетке төраға болып бекі¬тілген кезінде тарап кеткен редак¬ция¬лық-репертуарлық коллегияны қайта¬дан қалпына келтіргені есімізде. Театр-танушылар мен драматургтар¬-дың басын қосып жиындар өткізіп, нақты шаралар белгіледі. Ол қашанда тынымсыз еңбек етті. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сөзімен айтқанда, «Қазақ үшін жүрек майын шам қыл¬-ды». Бірде жұмысқа құлқы жоқ әріп¬тесіне бүй деген екен: «Бұл жұмысты біз істемегенде кім істейді? Әлібек Дінішев сияқты әнші бола алмаймыз. Болат Аюханов сияқты билей алмай¬мыз. Біз сияқты мәдениеттің қара жұ¬мысын істейтін біреу керек қой». Ми¬нистрлікте жауапты қызметті атқарып отырғанда республика бойынша бір¬неше театр ашылды, «Отырар сазы», «Сазген» сынды шығармашылық топ¬тар құрылды, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Тимур Мыңбаев, Рамазан Бапов сынды өнер жұлдыздары ха¬лықаралық конкурстарда лауреат атанды.
Бәріміз білетін Қанат Бекмырзаұлы тек қана өзі басқаратын саланың шеңберінде қалып қоймай, республиканың мемлекеттік және қоғамдық өміріне белсене араласатын. Тәуелсіздіктің таңы атқанда қалай ширақ қимылдағанын, министрліктің қат-қабат жұ¬мысынан қолы тимей жатып, республика өміріндегі әртүрлі шаруаларға ара¬ласып, тыным таппай қызмет етті. Өйткені ол Тәуелсіздіктің қаншалық¬ты қымбат екенін, ел үшін, ұлт үшін байлық екенін білді. Әрине, ол еш уақытта қол қусырып қарап отыра алмайды. Әрқашан өзіне жұмыс тауып алады. Басқалардың да қарап отырғанын қаламайды. Бір күні оның жақын досы жазушы Баққожа Мұқайға айтқаны бар: «Біз қазақ елінің тәуелсіздігін өмір бойы аңсадық, ата-бабамыз ар¬мандап өтті дүниеден. Ол жаңа туған нәресте сияқты. Екі аяғына тік тұрып, жүріп кеткенше туған баласын аяла¬ған анадай болуымыз керек емес пе?!» Міне, оның осы тынымсыз талпынысы, жарқын болашаққа деген имандай се¬німі өз алдына талай міндеттер қойып отырды.
Мемлекеттік басқару ісінде тәжі¬рибесі мол Қанат Бекмырзаұлының қа¬шан да Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы¬-на адал екенін бәріміз жақсы білеміз. Ол Қазақстан Президентінің Жарлығымен Түркияға тағайындалған Қазақ¬станның тұңғыш Төтенше және өкі¬летті елшісі болды. Ал одан бұрын М.Гор¬бачевтың тағайындаған ең соңғы елшісі болғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Кеңес Одағы кезінде Мәс¬кеуде Қазақстанның Тұрақты өкілдігі болған. Империяның соңғы кезеңінде әрі өкіл болып, кейінгі ке¬зеңде елші болған - біздің Қанат Саудабаев. Ол Түркияға тұңғыш елші болып тағайындалған тұсында да Түр-кия тәуелсіз Қазақстанды бірінші бо¬лып мойындады, оның әлемдік кеңіс¬тіктен заңды орнын алуына қолдау көр¬сетті. Екі арада ғасырлар бойы жа¬былған жол қайта ашылып, алтын көпір салынды. Саяси-экономикалық, мәдени және қоғамдық байланыс өркен жайды. Барыс-келіс көбейді. Екі ел арасындағы жол қысқарды. Елбасымыздың алғашқы күннен бастап түрік басшыларымен бауырмалдық үлгідегі қарым-қатынас құруының арқасында және осы ба¬у-ырмалдық араластықтың дамуына Қанат Бекмырзаұлының сіңірген еңбегі мен қосқан зор үлесінің нәти¬же¬сінде Қазақстан-Түркия қарым-қа¬тынасы стратегиялық әріптестік дең¬гейіне жетті. Әрине, Түркиядағы ел¬шілікте онымен бірге талантты да та¬лапты азаматтар жұмыс істеді. Бүгін Бекжасар Нарбаев, Әбутәліп Ахметов, Өміртай Бітімов, Дулат Қуаныш, Қайрат Сарыбай сынды азаматтар Қазақ¬стан¬ның белді-беделді қайраткерлері, елдің беткеұстар тұлғалары.
Сол тұста саяси-экономикалық қа¬ты¬настар қалайша қалыптаса бастаған болса, мәдени-әдеби байланыстар да жандана түсті. Ұлттық мәдениетін жан дүниесіне сіңірген елші Қанат Бек¬мырзаұлы Абай мен Жамбыл аталары¬мыздың 150 жылдық мерейтойларын Түркияның төрінде кең көлемде атап өткізді. Елшіге ерекше ілтипат көр¬сет¬кен сол кездегі Түркияның 9-прези¬денті Сүлеймен Демирелдің қазақ¬стандық қонақтарды құшақ жая қарсы алғаны әлі күнге дейін есімізде. Сондықтан «іргесіз үй болмайды» демекші, қазақ пен түрік халықтарының ара¬сындағы бауырмалдық пен достықтың іргесінде тұрған тұлғалардың бірі - сөзсіз, Қанат Саудабаев. Қазақстан мен Түркия қатынасын нығайту мақсатын¬да атқарған қызметі оның интеллек¬туалдық өміріне де ықпал етпей қойған жоқ. Сондай-ақ оның екі ел арасындағы бауырмалдық пен достыққа мән беріп, зерттеу жұмыстарын жүргізгені сон¬шалық «Қазақстан-Түркия: қарым-қатынастардың қалыптасуы мен дамуы» атты докторлық диссертациясын қорғап, ғылым докторы атанады.
Қанат Бекмырзаұлы - қатардағы елші емес, «өмір мектебінен» өткен тәжірибесі мол, тағылымы толық туа біткен дипломат. Ол досы түгіл, қасымен де тіл табысуға бейіл. Ешқашан жау шақырмайтын қасиетімен тұманы сейілмейтін, өзгеге елжірей қоймайтын елдердің көңілін әп-сәтте тауып ке¬тетін. Түркиядан кейін Ұлыбри¬та¬нияға, кейінгі жылдары Америка Құрама Штаттарына Қазақстанның елшісі болып тағайындалып, елдестіру қызметін жоғары деңгейде жүргізгені белгілі. Британия Парламентінде Қазақстанға тілектес адамдардың бас-тамашыл тобы құрылғаны, екі ел парла¬ментарийлерінің қарым-қатынасының жақсарғаны да сол кез.
Тоқсаныншы жылдардың бастапқы кезі Қазақстан үшін ең бір жауапты кезең еді. Дүниежүзілік қоғамдастыққа кіру, еркін ел ретінде танылу, БҰҰ-ға мүше болу сияқты тарихи міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттің сыртқы саясаты дұрыс жолға қойылуға тиіс еді. Ол кезде Сыртқы істер министрлігінің тізгіні Қанат Бекмырзаұлының қолын¬да. Оның аз уақытта тындырған оңтайлы істерін тізбектеп жату оңай емес. Ең биік әлемдік мінбелерге шығып сөз сөйлеп, тарихи келісімдерге қол қойға¬ны оның Елбасымыздың қаншалық¬ты сенімді өкілі екендігін көрсетті.
Екі мыңжылдықтың табалдырығын аттағанымызда, Қанат Бекмырзаұлы Америкаға елші болып барғанда екі елдің арасы жақындай түскені мәлім. Барыс-келіс, алыс-беріс жолға қойы¬лып, жанданды. Американың ең ық¬палды саясаткерлері Қанат Бекмыр¬заұлы елші болып отырғанда елімізге ресми сапармен келіп, Елбасымызбен аса маңызды мәселелер төңірегінде ке¬ліссөздер жүргізді. Шамамен алты жылдың ішінде Американың барлық дерлік штаттарын аралап, инвести¬циялық конференциялар ұйымдас¬тырды. Ол ұлттық руханиятты наси¬хаттауға, ұлттық мәдениетті шетелде таныстыруға үнемі күш салып отырды. 2003 жылы Құрманғазы оркестрінің қатысуымен Вашингтондағы Кеннеди орталығында және Нью-Йорктағы Кар¬неги холында «Қазақ даласының му¬зыкасы мен әуені» атты концерттің өтуіне тікелей ықпал етті. Қазақ музы¬касын мұхиттың арғы бетінде наси¬хат¬тауға үлкен үлес қосты. Қазақтың та¬лантты қыздары Айман Мұсақожаева, Жәния Әубәкірова сынды ел мақта¬ныштарын Батыс елдерінде танытуға көп еңбегі сіңді.
Әрине, жоғарыда айтып кеткен «Назарбаев мектебі» және Елбасы¬¬мыз салған дамудың «Қазақстандық жолы» үлкен жауапкершілікпен жұмыс істеу¬-ге талап етеді. Сондықтан кейпкеріміз өзін¬ің бір естелігінде мемлекет тізгі¬нін ұстаудың қаншалықты оңай емес екендігін және Елбасымыздың мем¬лекеттің дамуына орасан зор үлес қос¬қандығын былайша толғайды: «Көп¬теген жылдар бойы әлемнің бірқатар белді астаналарында - Мәскеуде, Анкарада, Лондон мен Вашингтонда Қазақстан елшісі міндетін атқарып, тәуел¬сіздік тұсында елдің сыртқы сая¬сат ведомствосын екі рет басқарған адам ретінде мен Қазақстанның әлем¬дегі қазіргі құрметіне қол жеткізу Н.Назарбаевқа қандайлық күшке түс-кенін жақсы білемін. Сирек кездесетін стратегиялық ойтанымының, таңға-ларлық интуициясының, диплома¬тия¬лық таланты мен айрықша жұмыс істеу қабілетінің арқасында Н.Назарбаев ел¬дегі жағдайды бақылауда ұстап қана қалған жоқ, сонымен бірге елді әлеу¬меттік-экономикалық дамудың бірте-бірте жүзеге асатын, бірақ сенімді траекториясына алып шыға білді, бұл үшін қажетті қолайлы сыртқы жағ¬дайларды, ең алдымен халықаралық қоғамдастықтың сенімін қамтамасыз етті. Мен бұл орайда сыртқы саясат Мемлекет басшысының ерекше назарында тұратын сала екенін қадап айтқым келеді. Оны жүзеге асырудың тетігі - Сыртқы істер министрлігі, жү¬зеге асырушылары - Президент тағайындайтын елшілер».
Мемлекет қайраткері Қанат Саудабаев өзі айтқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының терең эрудициясы мен таңғаларлық түйсігінің нәтижесінде Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы лауазымымен қоса Сыртқы істер ми¬нистрі міндетін атқарды. Бұл міндетті атқару үлкен жауапкершілікті талап етті. Өйткені сол жылы, яғни 2010 жылы Қанат Саудабаевтың басшылығы¬мен Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ ұйымына төрағалық етті. Нәтижесінде мемлекетіміз ЕҚЫҰ-ның 11 жылдан бері өтпей келе жатқан саммитін та¬маша өткізуге және 56 мемлекеттің барлығының ЕҚЫҰ-ның тарихи Астана декларациясын қабылдауына қол жет¬кізді. Бұл шынында да Қазақстанның жұлдызы жанған шағы болды, Нұр¬сұлтан Әбішұлының лайықты жеке триумфы, қазақ халқының ұлылы¬ғы¬ның, қазақстандықтардың бірлігі мен топтасқандығының бүкіл әлемге жар¬қырай көрінуі еді.
Расында, осындай жұлдызымыз жан¬ған шақтарымыз көп біздің. 2017 жылы ЭКСПО көрмесін ұйымдас¬ты¬руға, 2017-2018 жылдарда Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануға қол жеткізу сияқты аса ірі табыстарды айту¬ға болады. Ең бастысы - осы жыл¬дардың бәрінде біздің ортақ үйі¬мізде татулық пен келісім, бірлік пен өзара түсіністік сақталып, қазақстан¬дық¬тар¬дың басты құқы - лайықты өмір сүру құқы қамтамасыз етіліп келеді.
Әрине, осындай биік лауазымды қыз¬меттерді атқарған тұлға туралы бір ғана мақалаға сыйғызып айту мүмкін емес. Тәуелсіздіктің алғашқы қалып¬тасу және даму кезеңі Нұрсұлтан Назар¬баевтың есіміне, Елбасыға атсалысып қолдау білдірген ел азамат¬тары мен мемлекеттік қайраткерлері¬нің есіміне байланысты екені сөзсіз. Қазақстанның дамуына еңбегі сіңген мемлекеттік қайраткер Қанат Бек¬мыр¬заұлының жетпістің жетегіне жеткен жасымен шын жүректен құттықтай-мыз! Кезінде өзіне өлең арнаған ақын Тұ¬манбай Молдағалиев айтқандай, «Жоғалтпа арманыңды аялай бер, Аман жүр қайда жүрсең, асыл бауыр!» деп ағамызға амандық пен есендік тілейміз.
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,
Қазақстанның Түркиядағы елшісі