Саясаттанушы Қазақстандағы ЖОО-лардың бiрiн Ә.Бөкейханұлының есiмiмен атауды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi саясаттану кафедрасының доцентi, PhD докторы Жақсылық Сәбитов Қазақстанда университеттердiң бiрiн Әлихан Бөкейханұлының есiмiмен атауды ұсынды.

Саясаттанушы Қазақстандағы ЖОО-лардың бiрiн Ә.Бөкейханұлының есiмiмен атауды ұсынды

«Қазақстанда көптеген тарихи тұлғалар әлi күнге дейiн өз деңгейiнде бағасын алған жоқ. Мәселен, сондай тұлғалардың бiрi - Әлихан Бөкейханов. Келесi жылы бiз оның 150 жылдығын атап өтемiз», - деді ғалым.

Оның айтуынша, «Алаш Орда» көсемі Кеңес үкіметіндегі оқулықтарда жазылғандай ұлтшыл емес еді, ол - ұлттың нағыз мақтаншы.

«Ә.Бөкейханұлы - Алашорданың қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан адам. Оның есiмi бiрде-бiр университетке берiлген жоқ. Бұл - менiңше, өте үлкен олқылық», - дедi ол ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Ж. Сәбитов.