Саясаттанушы студент экс-нацисті ұстады

АСТАНА.  Қарашаның   18-і.  ҚазАқпарат -  Германия   прокуроры     австриялық  студент    әшкерелеген   бұрынғы нацистке   58  адамды  өлтірді  деген айып  тақты.    

Саясаттанушы студент  экс-нацисті   ұстады

 Ел өкіметі аты-жөнін   жария етпей  отырған  әлгі       азамат Екінші  дүниежүзілік соғыстың  аяғында  Австрияның  шығысында   қара жұмыс істеген   еврейлерді  өлтіргені  үшін  айыпталып  отыр,   деп  хабарлайды  ВВС-дің  Орыс   қызметі.

Еврейлердің  өлтірілуін   зерттеген  Вена  университетінің  саясаттанушы студенті,   бұрынғы нацистің   осынау  қылмысқа  қатысы болғанын  және   оның бұған дейін  басқа іс бойынша    сотқа тартылып,   бірақ  сол күйі  жазасын өтемегенін  анықтаған.