Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу отансүйгіштік акциясы өтеді

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең «Ақ жол» партиясы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу патриоттық акциясын өткізеді.
None
None

«Баршаға мәлім, Қазақстанда 31 мамырда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтеді. «Өлі риза болмай, тірі байымайды». Бұл күні «Ақ жол» партиясы Астана, Алматы қалаларында, барлық облыс орталықтарында саяси қуғын-сүргін, ашаршылық құрбандарын аза тұтып, жадымызда сақтау үшін еске алу патриоттық акциясын өткізеді. Бұл акцияның мақсаты - нақақтан-нақақ «халық жаулары» деген жала жабылып атылып кеткен, абақтылар мен лагерлерде азап шегіп, аштан қырылған отандастарымыздың рухына бас иіп, тағзым ету», - делінген партия баспасөз қызметінің хабарламасында.

Атап айтқанда, партия елімізде тұратын барлық ұлттардың өкілдерін және кез келген қазақстандықтарды 31 мамыр күні көгілдір лентаны саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, құрмет көрсету белгісі ретінде тағып жүруге шақырады.

Соңғы жаңалықтар