Саяси партиялар популизмге салынбауы керек – саясаттанушы
АСТАНА. KAZINFORM – Саясаттанушы Ғазиз Әбішев «Құрылтай сайлауы: конституциялық негіздер және саяси трансформация» деген атаумен ұйымдастырылған сарапшылар алаңында сайлау қарсаңында саяси партиялар нені ескеру керек екені жөнінде пікір білдірді.
Еске салайық, Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылдың 23 тамызында өтеді. Бір палаталы Парламентке 145 депутат сайланады. Қазір саяси партиялар съездерін өткізіп, сайлауға қатысатын кандидаттар тізімін бекітіп жатыр.
– Саяси партияларды үгіт-насихат жұмыстары күтіп тұр. Олардың қазір популизмге салынбауы маңызды. Елді дамытуға бағытталған көзқарасы мен ұстанымдарын қорғап шығуы керек, – деді Ғазиз Әбішев.
Одан бөлек, іс-шарада сарапшылар конституциялық реформа, жаңа саяси институттар, мемлекеттік дамудың тұрақты моделін құруда қоғамдық диалогтың рөлі тәрізді тақырыптарды талқылады.
Айта кетейік, бұған дейін Құрылтай барлық мемлекеттік институттың легитимділігінің бастауы болатынын жазғанбыз.